Ұлыбритания Санкт-Петербургтегі бас консулдығын ресми түрде жапты. Бұл жайлы хабарлама Ұлыбританияның Ресейдегі елшілігінің Facebook-тегі парақшасында жарияланды.
"Амал не, Ресей үкіметі бізге қарсы бұл шараны Солсберидегі оқиғадан соң қолданып отыр" делінген хабарламада.
30 шілде күні Санкт-Петербургтегі бас консулдық қызметкерлері ғимараттан Ұлыбритания туын төмен түсірген.
4 наурызда Солсбериде Ресей сыртқы барлау қызметінің бұрынғы агенті Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипаль уланған. Ұлыбритания билігі олардың СССР кезінде жасалған "Новичок" уынан уланғанын мәлімдеген. Лондон бұл қауіпті зат Ұлыбританияға Ресейден жеткізілген деп біледі және улауға Ресейді кінәлайды. Ресей айыпты терістейді.