Мәскеуде Джемаль, Расторгуев және Радченкомен қоштасты

Мәскеудегі Орхан Джемальмен қоштасу рәсімі. 7 тамыз 2018 жыл.

Мәскеуде 7 тамызда Орталық Африка Республикасында (ОАР) қаза тапқан ресейлік журналист Орхан Джемаль, режиссер Александр Расторгуев және оператор Кирилл Радченкомен қоштасты. Оларды 30 шілде күні ОАР-да белгісіз топ өлтіріп кеткен. Джемаль, Расторгуев және Радченко бұл елге ресейлік "Вагнер" жеке меншік әскери компаниясы туралы деректі фильм түсіруге барған.

Оқи отырыңыз: ОАР-дағы ресейлік журналистердің қазасы жайлы болжамдар қабыспайды

Орхан Джемальмен қоштасу Собор мешітінде өтті, марқұм Хованское зиратына жерленді. Александр Расторгуевпен қоштасу Космо-Дамиан монастрінде өтіп, Троекуровский зиратына жерленді. Радченкомен қоштасу туыстарының өтініші бойынша туыстары мен жақын серіктерінің арасында ғана өткізілді. Ол Булатниковский зиратына жерленді.

Тергеу долбарынша, әлдекімдер журналистерді тонау үшін өлтірген.