Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Ақорданың 15 тамызда хабарлауынша, Тоқаев Назарбаевқа сенаттың үшінші сессиясында атқарған жұмысы мен алдағы сессияда қарайтын заң жобалары жайлы хабардар еткені айтылады.
Назарбаевтың сөзінше, алдағы сессияда экономика саласында біраз заң жобалары мен бірқатар халықаралық құжат қарау керек. Сонымен қатар, үкімет бірталай заң жобасын дайындамақ.
Кездесуде бұдан басқа қандай мәселе талқыланғаны айтылмайды.