Ресейде билік рұқсат берген алғашқы гей парад 26 тамызда Ульянов облысының Яблоневый елді мекенінде өтуі мүмкін. Новоульяновск қаласының әкімшілігі гей парадты осы елді мекенде өткізуге рұқсат берген. Шараны Новоульяновскіде өткізу туралы өтінішті құқық қорғаушы әрі ЛГБТ (лесби, гей, бисексуал және трансгендер) белсендісі Николай Алексеев берген.
Қала әкімшілігі шеру өткізетін орынды Новоульяновск орталығында кісі қарасы, әсіресе "кәмелетке толмағандар" көп болғандықтан ауыстырғанын айтады.
Әкімшілік "тұрғындардың мұндай іс-шараға теріс қарайтынын" ескеріп және "жанжал болып кетпес үшін" әрі "Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы" заңды бұзбау үшін ұйымдастырушыларға іс-шараны Яблоневый елді мекенінде өткізуді ұсынған.
Яблоневый елді мекені Новоульяновскіден екі шақырым қашықта. Елді мекен бір көшенің бойында ғана орналасқан және онда бар-жоғы жеті адам тұрады.