Шешенстанда дүйсенбі күні бірнеше жерде бір уақытта полицияға шабуыл жасалды. РИА Новости ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Грозныйдағы атыста бір полицей қаза тапқан. Шабуылдаушылардың қанша адам болғаны, ұсталған-ұсталмағаны жөнінде әзірге ақпарат жоқ.
Грозныйда жол полициясы бекетіне де бір адам көлікпен шабуылдап, бір полицейді қағып кеткен. Оны кейін тәртіп сақшылары атып өлтірді.
Шешенстанның Шали ауданында да полиция бөлімшесіне пышақ ұстаған екі адам кіріп, бірнеше тәртіп сақшысын жарақаттаған. Олар да полиция қолынан мерт болды деп хабарланды.
Шали ауданының Мескер-Юрт елді мекенінде полиция бекетінде белгісіз адам өзін өзі жарып жіберген. Жарақат алған өзге ешкім жоқ.
Бұл төрт оқиға бойынша барлығы бір полицей қаза тауып, тағы үшеуі жараланған. Төрт шабуылдаушы өлген.