Ресейде мыңдаған адам жексенбіде үкіметтің зейнетақы реформасына қарсылық акциясын өткізді.
"Біз адамшылыққа қарсы реформаға наразылық акциясын өткізіп жатырмыз" деді Мәскеуде екі мыңға жуық адам қатысқан демонстрацияда Коммунистік партия жетекшісі Геннадий Зюганов. Акциялар тағы бірнеше қалада, оның ішінде Санкт-Петербург, Екатеринбург, Новосибирск, Владивосток және Самарада болды.
Шілдеде Ресей парламенті үкіметтің зейнетке шығу жасын әйелдерге 63 жасқа, ерлерге 65 жасқа дейін ұзарту жоспарын алдын ала тыңдалымда мақұлдаған еді.
Бұдан соң ондаған қалада мыңдаған азамат бұл реформаға қарсы шығып, жаппай наразылық акцияларын өткізе бастаған. Қоғамдық сауалнама нәтижелері бойынша, осының салдарынан Путиннің рейтингі күрт төмендеген. Путин бұған жауап ретінде 29 тамызда өткен тікелей эфирде әйелдердің зейнетке шығу жасын үкімет жоспарлаған сегіз жылдың орнына бес жылға ұзартуды және үш немесе одан да көп балалы аналарды зейнетке ертерек шығаруды ұсынған.