Хакерлер АҚШ Мемлекеттік департаментінің аса құпия емес электронды поштасын бұзып, мекеменің бірнеше қызметкерінің жеке мәліметтеріне қол жеткізген. Бұл туралы дереккөзге сүйене отырып американдық Politico басылымы хабарлады. Кибершауылды кімдер жасағаны білгісіз.
Электронды пошта бұзылғаны жайлы ақпаратты Мемлекеттік департамент қызметкерлері қыркүйектің басында алған. БАҚ мәліметінше, ведомствоның құпия құжаттарына қауіп төнбеген. Хакерлік шабуыл қызметкерлердің бір пайызына жуығының ғана поштасына зиян келтірген.
Ведомствода кибератаканы тексеру үшін жұмыс тобы құрылды.
Politico Мемлекеттік департамент серверлеріне жасалған ең ауқымды кибершабуыл 2014 жылы болғанын еске салады. Оған ресейлік хакерлердің қатысы бар делінген.
АҚШ биыл тамызда ресейлік әскери барлау қызметіне қарасты 12 хакерге сырттай айып таққан. Олар Америкадағы сайлауға араласты деп айыпталып отыр. Кремль мұны жоққа шығарады.