Рим папасы Балтық бойы елдерін аралап жүр

Римп папасы Франциск Вильнюсте. Литва, 22 қыркүйек 2018 жыл.

Рим папасы Франциск қыркүйектің 22-і күні Балтық бойы елдеріне төрт күндік сапарын Литвадан бастады. Вильнюсте ол Президент сарайы алдындағы алаңда сөйледі, бұдан соң Литва президенті Даля Грибаускайтемен кездесті. Бұл Рим папасының соңғы ширек ғасырда Балтық бойы елдеріне алғашқы сапары.

Бұдан соң Франциск дін қызметкерлері және литвалық жастармен кездесіп, оккупация мен бостандық үшін күрес музейінде, Вильнюстегі еврей геттосында қаза тапқандарға арналған мемориалда болды.

Бұған дейін Литва, Латвия және Эстония тұрғындарына арнап жасаған видеоүндеуінде Рим папасы бұл жолғы сапары осы елдердің тәуелсіздігін жариялағанына жүз жыл толуымен тұспа-тұс келетінін айтқан. «Азаттық – үнемі қорғауды қажет ететін және болашақ ұрпаққа құнды мұра ретінде берілетін қазына», - деген Рим католик шіркеуінің басшысы.