Шымкентте қант бағасы бір аптада 50 теңгеге қымбаттады. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Шымкенттегі көтерме сауда орындарында бір келі қанттың бағасы 260-270 теңгеден, азық-түлік дүкендерінде 280-300 теңгеден сатылып жатыр.
Дүкеншілердің айтуынша, осыдан бір апта бұрын екі күн бойы қоймада қант болмаған. Одан кейін қанттың келісі 35 теңгеге қымбаттап, 220-230 теңге шыққан. Екі күннен бері тағы қант тапшылығы байқалып, баға бірден көтерілген.
Қыркүйек айының ортасында кәсіпкерлер қант тапшылығы туралы мәлімдеген еді. Бірақ Ұлттық экономика министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарған.
Бір апта бұрын Шымкентте нан бағасы 10 теңгеге қымбаттап, 60 теңге болған.