ФБР АҚШ Жоғарғы сотына кандидат Бретт Каваноға қатысты тексеру жүргізеді. Бұл процесс 5 қазанда аяқталуы тиіс. Тексеруден кейін АҚШ Сенаты Каваноның кандидатурасын қарастырады.
28 қыркүйек сенаттың заң мәселелері жөніндегі комитеті Каваноның кандидатурасын қолдап дауыс берді. Дауыс беруге тек республикашылдар қатысты. Демократтар өкілінің басым бөлігі жиыннан шығып кеткен. Демократтардың бір мүшесі Джефф Флейк Каваноны қолдаған. Бірақ ол Кавано ісін ФБР-дің тексеруін талап еткен. Сенатта судьяны тағайындау жөніндегі негізгі дауыс беру келесі аптада өтуі тиіс.
Каваноны бірнеше әйел 1980 жылдардың басында студенттердің сауық кештерінің бірінде жыныстық бопса жасады деп айыптаған. 27 қыркүйекте Сенатта сөз сөйлеген Кавано айыптарды жоққа шығарған.
Ақ үй Каваноға тағылған айыпты "демократтардың консервативтік көзқарасты ұстанатын судьяның Жоғарғы сотқа өтуіне кедергі келтіру әрекеті" деп айыптады.
АҚШ президенті Дональд Трамп Бретт Каваноны отставкаға кеткен судья Энтони Кеннедидің орнына ұсынған. Демократтар егер Кавано Жоғарғы сот судьясы болса, онда соттағы теңдік консерваторлар жағына ауады деп қауіптенеді.