29 қыркүйек түні Астана маңындағы Байқоңыр ауданы, Алаш тас жолы маңында контейнерден салынған жатақхана өртеніп, Өзбекстан азаматы қаза тапқан. Бұл туралы Қазақстан Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.
Комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, жатақхана аумағында қоқыс өңдеу зауытында еңбек ететін 25 адам тұрған. Өрт 29 қыркүйек таңғы сағат бестер шамасында сөндірілді. Өрт 150 шаршы метрді шарпыған.
Өрт болған аумақтан жұмысшылардың бірінің денесін табылған. Марқұм 1990 жылы туған Өзбекстан азаматы екені анықталған.