Кремль Ресейде түрмеде отырған украиналық режиссер Олег Сенцовті АҚШ-та сотталған ресейліктер Виктор Бут, Константин Ярошенко және Мария Бутинаға айырбастау жоспарынан хабарсыз. Бұл туралы 1 қазанда "Говорит Москва" радиосының эфирінде Ресей президентінің баспасөз хатшы сы Дмитрий Песков мәлімдеді.
Бұған дейін БАҚ-та Мәскеу Сенцовті Виктор Бут, Константин Ярошенко және Мария Бутинаға айырбастауды талқылап жатқаны туралы хабарланған еді. "Новая газетаның" тұтқын айырбастау туралы келіссөзден хабардар өз дереккөзіне сүйеніп хабарлауынша, Мәскеу мұндай "гуманитарлық акцияны" тікелей Вашингтонмен өзімен талқылауға дайын. Дереккөзі келіссөзге Украина қатыстырылмайтынын айтқан.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова басылымға тұтқын айырбастау туралы ұсыныстан мәліметі жоқ екенін хабарлады.
Ресей соты Олег Сенцовты Мәскеу аннексиялаған Қырым түбегінде "теракт ұйымдастырмақ болған" деген айыппен 2015 жылғы тамызда 20 жылға соттаған. Құқық қорғаушылар мен Сенцовтың өзі бұл іс қолдан құрастырылған деп біледі. 42 жастағы Сенцов биыл мамырдың 14-інде Ресей түрмелерінде отырған барлық украиналық саяси тұтындарды босатуды талап етіп, аштық жариялаған.
Қыркүйектің 29-ында Олег Сенцовтың Лабытнаги қаласындағы ауруханаға жеткізілгені хабарланған.
Жүзден астам Халықаралық ұйым Ресейден Сенцовты босатуда талап еткен.