Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке елдегі ең төменгі жалақы мөлшерін 1,5 есеге көбейтуді тапсырды. Назарбаев бұл туралы Астанада Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтты.
"Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 1,5 есеге көтеруді тапсырамын. 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін. Бұл әрбір қазақстандыққа нақты көмек болады. Бұл барлық салада жұмыс істейтін 1,3 миллион адамның жалақысын ұлғайтады" деді Назарбаев. Оның сөзінше, бұл мақсатта 2019-2021 жылдары республикалық бюджеттен 96 милилард теңге бөлінеді.
Қазақстан президенті бұған қоса шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзартылатынын, оны іске асыруға қосымша жыл сайын 30 миллиард теңге бөлінетінін айтты.