Ауғанстан астанасында сенбі күні болған жарылыстар салдарынан кемінде полицияның екі қызметкері қаза тапқан. Кабул полициясы бастығының баспасөз хатшысы Басир Муджахид жарылыстан тоғыз адам – алты полиция өкілі және үш қарапайым азамат зардап шеккені туралы мәлімдеген.
Муджахидтің айтуынша, содырлар шабуылы туралы хабар алған полиция келген кезде жол бойына қойылған бомба жарылып, әскери көлікті бүлдірген. Жарылыс салдарынан бір полиция қызметкері мерт болған. Ал екінші жарылыс оқиға болған жерге күш құрылымдары өкілдері мен қарапайым азаматтар жиналған кезде болған. Жараланғандар арасында аудандық полиция басшысы бар деп хабарланды.
"Талибан" қозғалысы Кабулдағы жарылысқа жауапкершілікті алды.
2014 жылы НАТО мен одақтастардың әскери бөлімдері Ауғанстаннан кеткеннен кейін елдің қарулы күштері мен өзге күш құрылымдары "Талибан" қозғалысы мен үкімет қарсы тағы бірқатар топтармен күрес жүргізіп келеді, АҚШ күштері оларға әуеден қолдау танытады.
"Талибан" Ауғанстан үкіметінің тікелей бейбіт келіссөз жүргізу туралы ұсыныстарын елемей отыр.