Түркістан облысының Ордабасы ауданында 3 жастағы қызды зорлап, өлтірген күдікті екі айға қамауға алынды. Бұл туралы қазанның 10-ы күні Азаттыққа Ордабасы аудандық сотының тергеу судьясы Алтай Қалықұл хабарлады.
Алтай Қалықұлдың айтуынша, қазанның 8-і күні Түркістан облыстық ішкі істер департаменті тергеу басқармасының тергеушісі 40 жастағы күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 120-бабы ("зорлау") және 99-бабымен ("адам өлтіру") қылмыстық іс қозғаған. Күдіктіні екі ай мерзімге қамау туралы санкция берілді.
- Күдікті мас күйде үш жастағы өз қызын зорлап, бірнеше жерінен пышақпен ұрып өлтірген, - деді тергеу судьясы.