Қазанның 14-і күні Астана уақытымен сағат 11:16 кезінде Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 558 шақырымда жер сілкінді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.
4,9 магнитудалы жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, жердің 30 километр тереңдігінде болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.0.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.