Қазақстан теракт жасауға дайындалды және террорлық әрекетпен айналысты деген күдікпен іздеу жариялаған Елдос Күншығаров Түркияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) хабарлады.
ҰҚК мәліметіне қарағанда, Күншығаровты 16 қазан күні Стамбулдан Атырауға жеткізілген. Күдікті 2011 жылдан бері іздеуде болған. Қазір күдіктіні тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ресми мәлімет бойынша, Елдос Күншығаров 2008 жылы Ауғанстан мен Пәкістан шекарасындағы аймаққа кетіп қалған. Ол мұнда "Джунд әл-Халифат" террорлық ұйымын құруға қатысқан. Бұл ұйым 2011 жылы Атырауда болған екі жарылысқа дайындықты мойнына алған.
Арнайы қызмет мәліметінше, 2013 жылы Күншығаров Сирияға кетіп, "Жабхат әл-Нусра" террорлық ұйымына қосылған. 2015 жылдан бері Түркияда жасырынып жүріп, осы елде ұсталған.
Бұған дейін "Джунд әл-Халифат" ұйымының мүшелері делінген Орынбасар Мұнатов пен Дамир Зналиев шетелде ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланған соң ұзақ мерзімге сотталған.