Ақтөбеде көпқабатты үйдегі лифтіде мерт болған жер
Азаттық тілшісінің соттан хабарлауынша, судья айыпталушы "Жаңабек -Сервис" пәтер иелері кооперативі серіктестігінің төрағасы Кенен Жаңабековті 4 жылға шартты түрде соттады. Сот үкімі бойынша, Жаңабеков осы мерзім ішінде кәсіпкерлікпен айналыса алмайды.
Судья мұндай үкім шығарғанда Жаңабековтің өз кінәсін мойындап, жәбірленуші тараптан кешірім сұрағанын, моральдық шығындарын өтегенін ескергенін айтты. Моральдық шығын мөлшері сотта айтылған жоқ.
Ал жалдамалы меxаник Жарылқасын Ақжановқа 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесіліп, сот залынан қамауға алынды.
Марқұмның күйеуі Қайыржан Ерқасымов сот үкімін әділ деп санайды. Қайыржан Ерқасымовтың айтуынша, меxаник сот басталғаннан-ақ "кінәм жоқ" деуден танбаған. Марқұмның үйіне барып, туыстарынан кешірім де сұрамаған. Жәбірленуші бірақ сот кезінде оның "айыбы дәлелденгенін" айтады.
Сотталушылар мен олардың адвокаттары үкімге қатысты ешқандай пікір айтпады.
Жалдамалы механик Жарылқасын Ақжанов жарыссөзде өзін кінәсіз санайтынын мәлімдеген. "Тергеу кісі өліміне себепкер болды деп отырған лифтінің 201, 201А
Жалдамалы механик биыл наурыз
Оқи отырыңыз: Бақылаудан кеткен лифттерде оқыс оқиғалар көбейді
Арнайы сараптама тұрғын Айзат