Архангельскіде ФСБ ғимаратында жарылыстан бір адам қаза тапты

ФСБ арнайы жасағы (Көрнекі сурет).

Архангельскіде Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) жергілікті басқармасы ғимаратында жарылыс болып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС агенттігі төтенше жағдай қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Агенттік дереккөзінің мәліметінше, қаза тапқан адам жарылыс болған кезде ғимаратқа кіреберіс ортаңғы есікте тұрған. Ол оқиға орнына дәрігерлер барып, көмек көрсетіп жатқан кезде жан тапсырған.

ТАСС дереккөзі қаза болған адамның басқарма қызметкері болмағанын айтады. Қазір оның кім екені анықталып жатыр.