Ресейде кәмелетке толмаған балаларды рұқсат етілмеген митингілерге қатыстырғандар айыппұл төлеуі, я қамалуы мүмкін. Әкімшілік кодекске енгізілген бұл өзгерісті Мемлекеттік дума алғашқы оқылымда мақұлдады.
Заңды бұзғандар 30-50 мың рубль аралығында айыппұл төлеуге, немесе 100 сағатқа дейін мәжбүрлі жұмыс істеуге немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.
Заңбұзушылық екінші рет қайталанса айыппұл 300 мың рубльге дейін көбейіп, мәжбүрлі жұмыс уақыты 200 сағатқа, ал әкімшілік қамау мерзімі 30 тәулікке дейін ұзарады.
"Лауазымды тұлғаларға салынатын айыппұл сомасы 600 мың рубль, ал заңды тұлғаларға миллион рубль" деп белгіленген.
Заң жобасын «Единая Россия» фракциясының 69 мүшесі дайындаған.