Шымкентте қоғамдық көлікке оқ атқан екі күдікті ұсталды

Көрнекі сурет.

Алматы-Ташкент тас жолында "қоғамдық көлікті травматикалық қарумен атқан екі күдікті ұсталды" деп xабарлайды Азаттыққа Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз xатшысы Әсел Сәденова.

Сәденованың айтуынша, оқиға қарашаның 5-і күні болған.

"Күдіктілер ұсталды. Айғақ заттар тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу амалдарының басталғанына байланысты күдіктілердің аты-жөні мен өзге де ақпаратты айта алмаймыз" деді баспасөз xатшысы.