Шығыс Қазақстан облысында аудан әкімі ұсталды

Шығыс Қазақстан облысының картасы

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов “пара алды” деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

“9 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықовты жер телімін жалға беруді рәсімдеу мәселесін оңтайлы шешкені үшін “Л” есімді кәсіпкерден 800 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұстады” делінген комитеттің таратқан баспасөз мәлімдемесінде.

“Пара алу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Сыдықов уақытша қамау изоляторына қамалған.