"АрселорМиттал Теміртаудағы" өрттен соң бірнеше цехтың жұмысы тоқтады

"АрселорМиттал Теміртау" металлургия комбинаты. Қаңтар айы, 2018 жыл

Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігі 10 қарашада кешкісін “АрселорМиттал Теміртау” металлургия комбинатында болған өртке байланысты комиссия құрды. Министрліктің ақпараты бойынша, 10 қарашада кешкі 19:53-те конвертер мен әктас өртеу цехы арасындағы құбырлар желісі құлап, өрт болған.

“Әктас өртеу цехының жанында орналасқан құбырлар желісінен газ шығып, өртенген. Көпір краны құлағандықтан конвертер цехы ғимаратының кейбір жерлері бүлінген” делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Бұған қоса, бірқатар машиналар, құрылғылар бүлінген. Қазір комбинаттағы бірқатар цехтар жұмысын тоқтатқан. Апаттан ешкім зардап шекпеген.

“АрселорМиттал Теміртау” қоршаған ортаға экологиялық зақым келмегенін де хабарлады.