Qazaq Air ұшағы ақаудан соң әуежайға қайта оралған

Kazakhstan – Almaty International airport. Almaty, 11Oct2009

15 қарашада қазақстандық Qazaq Air компаниясының Bombardier Q400 NextGen ұшағы техникалық ақаудан кейін Алматы әуежайына қайта оралған. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Жолаушылардың Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне айтуынша, ұшақ 15 қараша кешкісін Алматыдан Астанаға ұшып шыққан. Әуеге көтерілген соң 20 минуттан кейін ұшақ тербеле бастаған. Капитан техникалық ақауға байланысты ұшақ әуежайға оралатынын хабарлаған.

Qazaq Air баспасөз қызметі оқиғадан кейін ұшақ тексеруден өтіп, жөнделгенін хабарлады. Жолаушылар 16 қараша таңғы жетіде Астанаға ұшқан.

Air Astana компаниясының Embraer 190 ұшағы 11 қараша күні Лиссабонның авиациялық-техникалық орталығында жөндеуден өткен соң Алматыға ұшып шығып, ұзамай дабыл белгісін берген. Экипаж бұдан соң ұшақты Бежа қаласындағы әскери әуежайға қондыруға мәжбүр болған. Бортта екі ұшқыш болған.