Мәскеу соты екі жыл түрмеде отырған құқыққорғаушыны босатты

Игорь Нагавкин.

Мәскеу қалалық соты жұма күні бүкілресейлік "За права человека" ("Адам құқығы үшін") қозғалысының Волгоградтағы бөлімшесінің мүшесі Игорь Нагавкинді қамаудан босату туралы шешім шығарған. Бұл туралы ақпарат қозғалыс сайтында жарияланған.

Соттың пікірі бойынша, тегреу орындары құқыққорғаушының ісін қағазбастылыққа салған, ал тергеуші Нагавкинді қамауда ұстау мерзімін тағы үш айға созуға қандай себеп барына негіз келтіре алмаған. Бұған қоса сот тергеушілер Нагавкиннен жауап алған кезде заң талабы бұзылғанын айтқан. Қамаудағы белсенді сот залынан бостандыққа шыққан.

Игорь Нагавкинді 2016 жылғы қыркүйектің 29-ы күні Дондағы Калач қаласында ұстаған. Оған зергерлік бұйымдар ұрлаған деген айып таққан. Құқыққорғаушылар бұл айыптауды Нагавкиннің кәсіби қызметімен байланыстырады: ол жергілікті құқық органдары мен есірткі саудасы арасындағы ықтимал байланысты зерттеумен айналысқан.

"За права человека" қозғалысының жетекшісі Лев Пономаревтің сөзінше, Дондағы Калач тәрізді шағын қалада Нагавкин елеулі қоғам қайраткері ретінде танылған. Ол қала мэрімен, жол полициясы басшысы және прокуратурамен дауласып жүрген.