Астанада терроризмге қарсы жаттығу өтіп жатыр

Астана полициясы (Көрнекі сурет).

Астанада қарашаның 22-сі күні терроризмге қарсы жаттығу өтіп жатыр. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, сағат 10-да басталған жаттығу сағат 13-те аяқталады. Полиция осыған байланысты қалада шектеу шаралары жасалатынын айтып, азаматтарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға және жаттығуға қатысатын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырды.

Астанадағы терроризммен күрес жөніндегі жедел штабы жаттығуды Алматы ауданы Оңтүстік-Шығыс ықшамауданындағы аудандық полиция бөлімінде өткізеді. Жаттығуда терроризм қаупі төнген кезде ішкі істер органдары мен жедел штаб күштерінің бірлесіп жедел әрекет ету машығы пысықталады.

Қалалық полиция департаменті жаттығу әскери жағдайға барынша ұқсастырылып өтетінін айтады.