Ауғанстан президенті "зорланған футболшылар" ісін зерттеуді тапсырды

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елдің бас прокурорына "спортшы әйелдер жыныстық зорлыққа ұшырады" деген ақпаратты тексеруді тапсырды.

Желтоқсанның 4-інде Ғани "ер болсын, әйел болсын – спортшыларға мұндай қатынас төзгісіз" деп мәлімдеді.

Guardian басылым қарашаның 30-ында футболшы ауған әйелдерінің қалайша зорлық құрбаны болатыны туралы зерттеу мақала жариялаған.

Президент Ғани "бұл ақпарат елді есеңгіретіп тастады" деді.

3 желтоқсанда Ғани жағдайды ұлттық олимпиада комитетімен талқылау үшін ер және әйел футболшыларды шақырып, жиын өткізді. Кездесу кезінде президент жағдайды бақылауына алғанын айтты.

Ауғанстанның бас прокуроры Фарид Хамеди желтоқсанның 4-інде "толық әрі жан-жақты тергеу жүргізу үшін ендігі жоспар құрып қойғанын" хабарлады.