АҚШ президенті Дональд Трамп бұрынғы мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонды "тас кеще" және "өте жалқау" деп атады. Оның сөзінше, Тиллерсонда АҚШ дипломатиясын басқаратын адамға тән қасиеттер болмаған. Трамп қазіргі мемлекеттік хатшы Майк Помпеоның жұмысын мақтан тұтатынын айтқан. Бұл туралы ол Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Рекс Тиллерсон жұма күні CBS телеарнасына сұхбатында президент Трамппен қарым-қатынасы құндылықтарға қатысты үлкен алшақтыққа бола бұзылғаны туралы мәлімдеген. Өз айтуынша, ол Ақ үй басшысының қойған кей талаптары заңсыз екенін бірнеше рет ескерткен. Алайда Тиллерсон президенттің нақты қандай талаптар қойғанын ашып айтпады.
Трамп Тиллерсонды АҚШ мемлекеттік хатшысы қызметінен наурызда босатқан. Рекс Тиллерсон АҚШ сыртқы саясат мекемесін бір жылға жуық басқарды. Баспасөз құралдарының хабарлауынша, президентпен екеуінің арасында Солтүстік Корея проблемасы және Иранмен жасалған ядролық келісім мәселесін шешу жолдарына қатысты келіспеушілік болған.