Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путиннің "Украина мен шығыстан жер алу ниеті жоғын" мәлімдеп, Украина үшін алаңдайтынын білдірді деп хабарлайды 24.kz сайты. Назарбаев бұл туралы ресейлік телеарнаға берген сұхбатында айтқан.
Қазақстан президенті "Батыстан жабылып жатқан Ресей халқы әрдайым күш-жігерін жинап, алға жылжып келе жатыр" деген.
"Мен Путиннің, Ресейдің Украинадан және шығыстан бір телім жер алуға деген құлқы жоқтығын білемін. Қазір әлемде ең үлкен жер аумағы Ресейге тиесілі", - деген Назарбаев.
Қазақстан президенті Украина үшін алаңдайтынын айтқан.
"Мен сонда оқыдым. Украиндарды білемін, онда әлі де достарым бар. Бұл біздің халық ғой, бір-бірімізді жақсы түсінеміз, жан дүниемізді түсінеміз. Әніміз де, әзіліміз де бір. Бұрынғы қарым-қатынас қайта қалпына келсе екен деймін. Ресей мен Украина бізбен бірге болса екен", - деген ол.