Жыл басынан бері әлемде кәсіби қызметіне байланысты кемінде 80 журналист қаза тапқан. Сейсенбі күні "Шекарасыз тілшілер" құқық қорғау ұйымы қаза тапқан журналистер тізімін жариялады. Тілшілер үшін ең қауіпті бес елге Ауғанстан (15 адам), Сирия (11), Мексика (9), Йемен (8) және Үндістан (6) кірген.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, Мексикада қарулы қақтығыстар болмағанмен аталған мемлекет журналистер үшін ең қауіпті елдер қатарына кіріп отыр. 2018 жылдың 11 айында әскери қақтығыс аймақтарында 44 журналист көз жұмған.
Ұйымның дерегінше, қазіргі кезде әлемде 348 журналист қамауда отыр. Олардың 33-і әйел. 2018 жылы желтоқсанда бір топ журналиске америкалық Time журналы "Жыл адамы" атағын берген. Олардың арасында жұмбақ жағдайда көз жұмған саудиялық оппозициялық журналист Жамал Хашогги, Мьянмада тұтқындалған Reuters тілшілері, филиппиндік журналист Мария Ресса, "Эхо Москвы" радиостанциясы бас редакторының орынбасары Татьяна Фельгенгауэр де бар.