Бүгін таңертең Астана уақытымен сағат 5.36 шамасында Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 405 километр қашықтықта 4,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.
Жер сілкінісінің ошағы Қытайдың Шыңжаң аймағында, 20 километр тереңдіктегі жер қабатында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.6.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.