Екі облыста қос ауданның аты өзгерді

Шығыс Қазақстан облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян ауданы мен Зырян қаласының және Батыс Қазақстан облысында Зеленов ауданының атын өзгерту туралы жарлық шығарды. Жарлыққа сай, Зырян ауданының аты Алтай ауданы, Зырян қаласының аты Алтай қаласы деп, ал Зеленов ауданының аты Бәйтерек болып өзгерді.

Батыс Қазақстан облысының билігі Зеленов ауданының атауын өзгерткісі келетіні туралы бұған дейін хабарланған. Аудан атын өзгертуге қатысты қоғамдық тыңдау хаттамасында Зеленов ауданы құрамындағы 22 ауылдық округтің бәрі аудан атын өзгертуді бір ауыздан қолдаған. Бірақ ауылдың көптеген тұрғыны аудан атын өзгертуге қарсы болған.

Оқи отырыңыз: Елді мекен атауын өзгерту не үшін наразылыққа ұласты?

Былтыр 28 қыркүйекте Зырян аудандық мәслихатында өткен талқылауда мәслихат депутаттары мен жергілікті қоғамдық кеңес мүшелері Зырян ауданының аты мен Зырян қаласының атын Алтай ауданы және Алтай қаласы деп өзгертуді қолдап дауыс берген.

Зырян ауданы 1928 жылы құрылған. Аудан 1971 жылы осы аймақта полиметалл кенішін ашқан Герасим Зыряновтың атымен аталған.