Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху өз елінің соңғы күндері Сирия аумағындағы нысандарды атқылағанын растады. "Соңғы 36 сағат ішінде әскери әуе күштері Дамаск халықаралық әуежайындағы Иран қаруы сақталған қоймаларды атқылады" деп мәлімдеді ол.
Израиль әскери ұшақтары Дамаск қаласына бірнеше зымыран атқанын Сирияның мемлекеттік ақпарат құралдары 11 қаңтар кешке хабарлаған. SANA агенттігінің мәліметі бойынша, зымырандардың көбісі атып түсірілген, бірақ бір зымыран Дамаск әуежайындағы қоймаға түскен.
Телеарнадан үндеу жасаған Нетаньяху Израильдің "жүздеген шабуылы" нәтижесінде "Иранның Сирияға әскери іс-қимылын тежей алғанын" мәлімдеді. "Біз Сирияда Иранға қарсы тұруға әрдайын дайынбыз" деп мәлімдеді Нетаньяху.
Иран, Ресей және ливандық шииттердің "Хезболла" әскери ұйымы 2011 жылдың наурызында басталған соғыста Сирия президенті Башар Асад билігін қолдап келеді.
Сириядағы соғыста 400 мыңнан астам адам қаза тапты, миллиондаған адам босып кетті.