АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы адвокаты Майкл Коэн Трамптың пайдасына онлайн сауалнаманы бұрмалау үшін программистке кем дегенде 12 мың доллар төлеген. Бұл туралы Wall Street Journal (WSJ) хабарлады.
Газеттің жазуынша, Трамп туралы екі сауалнаманың нәтижелері бұрмаланған. Бизнес жетекші туралы алғашқы сауалнама 2014 жылы жүргізілген. Екінші сауалнама 2015 жылы Республикашыл партияның президенттікке ұсынған кандидаты туралы жүргізілген. Трамп екі сауалнама қорытындысы бойынша қоғамдық пікірде алғашқы орынға шықпаған. Алғашқы сауалнамадан оның аты-жөнін алып тастаған. Wall Street Journal бұл факт сауалнамаға қатысқандар дауысын президент пайдасына бұрғанын дәлелдейді деп санайды.
Басылым Майкл Коэн әуелде программистке 50 мың доллар төлеуге уәде бергенін жазды.
Twitter-де Wall Street Journal хабарына түсінік берген Трамптың бұрынғы адвокаты президенттің нұсқауы бойынша әрекет жасағанын жазды. Ол "сенімінен шықпаған адамға" беріле қызмет еткеніне өкінетінін білдірді.
Дональд Трамп Wall Street Journal ақпаратына әзірге түсінік бермеді.