2 ақпанда Венесуэла президенті Николас Мадуро парламент сайлауын келесі жылы емес, биыл өткізуді ұсынды. Сенбі күні өткен митингте Мадуро ұлттық конституциялық ассамблея (президентке бағынатын орган) парламенттің кезектен тыс сайлауын өткізуге дайындық жасауы тиіс деп мәлімдеді.
Венесуэлада кезектен тыс парламент сайлауы келесі жылға жоспарланған.
Бұған дейін Еуроодақ 2 ақпанға дейін Мадуро елде кезектен тыс сайлау өткізетінін мәлімдемесе, оның басты қарсыласы, бұған дейін өзін елдің президентімін деп жариялаған Хуан Гуайдоны елдің заңды басшысы деп танитынын хабарлаған.