Қазақстандық боксшы 25 жастағы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста бесінші рет жеңіске жетті деп хабарлайды vesti.kz сайты. Ол АҚШ-тың Фриско қаласында (Техас штаты) өткен бокс кешінде 28 жастағы Стивен Мартинеспен кездесіп, жеңіске жеткен. Сегіз раундтан тұрған жекпе-жек бесінші раундта аяқталған.
Бұл - Қазақстан боксшысының кәсіпқой бокстағы бесінші жекпе-жегі, оның үшеуі АҚШ-та өткен.
Әлімханұлы әуесқой бокста жүргенде 2013 жылы әлем чемпионы атанды. 2016 жылы Риода өткен олимпиада ойындарына қатысты. 2016 жылы Алматыда кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Ал 2018 жылдың маусымда АҚШ-тағы Top Ring проумоутерлік компаниясымен келісім-шарт жасасқан.