Ресейдің ондаған қаласында биліктің "қоқыспен күрес реформасына" қарсы мыңдаған адам наразылық шараларын өткізіп жатыр. Акцияға келгендер қоқыс орындары мен тұрмыстық қалдық полигондарына, қоқыс жағатын зауыттарға қарсылық білдірді.
Елдің 30-дан астам өңірінде өткен акцияларда "Ресей - қоқыс төгетін орын емес" деген ұран көтерілген.
Наразылық шарасының ең ірісі Архангельск облысында өткен. Мұнда азаматтар Шиес қоқыс полигонының ашылмауын талап еткен.
Бұған дейін бұл полигонға елдің өзге өңірінен, оның ішінде Мәскеуден де қалдықтар әкелінеді деп хабарланған. Архангельск қаласындағы митингтің өзіне мыңнан астам адам келген. Кейбір жерлерде акцияға қатысқан белсенділерді ұстаған.