8 апқанда Астана уақытымен сағат 11:36 кезінде Алматыдан шығысқа қарай 256 шақырымда жер сілкінді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.
4,5 магнитуданы құраған жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, жердің 20 километр терең қабатында болған.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.4.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.