Екі облыста қатты аяздан мектептерде сабақ тоқтады

Көрнекі сурет

Аязға байланысты Шығыс Қазақстан облысы мен Павлодар облысындағы мектептер мен колледждерде сабақ тоқтатылды.

Өскемен, Семей қалалары және Шемонаиха, Күршім аудандарында бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары мен колледждің 1-2 курстарына сенбі күні сабақ болмайды. Шығыста ауа температурасы -30 градусты көрсетіп тұр.

Павлодар облысында бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ уақытша тоқтатылды. Бұл аймақта да күн -30 градус аяз.

Осы аптада Қазақстанның бірнеше аймағында аяз күшейіп, жолдар жабылып, мектептерге сабақ тоқтаған.

Your browser doesn’t support HTML5

Аяздан ондаған адамды үсік шалған