АҚШ президенті Дональд Трамп Мексикамен шекаралас аудандарда төтенше жағдай жариялау жөнінде жарлыққа қол қойды.
Жұма күні Ақ үйде сөйлеген Трамп төтенше жағдайдың енгізілуі оған шекарада дуал құрылысы үшін 8 миллиард доллар алуына мүмкіндік береді деп айтқан. Бұдан бөлек, Трамп АҚШ-тың көші-қон жүйесін тұтас реформалау туралы жоспарымен де бөліскен.
Президенттің пікірінше, бұл шешімді демократтар сотқа беруі мүмкін. Бірақ "жоғарғы сот өзіне жақтасады" деген үміті барын да жеткізді.