Шымкентте шамамен 300-ге жуық ана қала әкімімен кездесу үшін жергілікті әкімдік ғимаратына жиналды деп хабарлайды Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі.
Кеше тұрғындарға есеп беру кезінде Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов көп балалы аналармен 16 ақпан таңертеңгі сағат 11-де кездесетінін хабарлаған еді. Алайда бүгінгі кездесуге әкім келмеген.
Оларды қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова және өзге де шенеуніктер қарсы алған. Бірақ жиналған топ бұған наразылық танытып, әкімнің келуін талап еткен.
Видеосын көріңіз: Шымкенттегі аналардың шағымы (16.02.2019 жыл)
Жұрт алдында сөйлеген әкімнің орынбасары Гүлжан Құрманалиева көп балалы аналарға шағымдарын жазбаша түрде жеткізулерін сұраған. Бірақ аналар келіспеген.
Кездесуде әлеуметтік жағдайына шағымданған аналар "Алтын алқа", "Күміс алқа" медальдарынан пайда жоқ, мемлекетке қайтарып береміз" деп айтқан.
Кездесу әкімдік ғимаратының залында өтіп жатыр.