20 ақпанда Астанадағы “Қазмедиа орталығы” ғимаратының алдында ер адам үкімет мүшелерінің келуін талап етіп, талаптары орындалмаған жағдайда "газ баллонын жарамын" деп қорқытты. Ер адам қолында жанғыш заты бар бөтелке ұстап тұрған. Жанында газ баллоны болған.
Оқиға орнын қоршап алған полицейлер сәлден соң ер адамды ұстап, полиция бөлімшесіне алып кеткен.
Алдын ала дерек бойынша, полиция алып кеткен адам - Жамбыл облысының тумасы. Ол 20 жыл бойы жер телімін ала алмай келе жатқанына наразы болған.
"Полиция қызметкерлері барлық қажетті сақтық шараларын жасады. Қазір ер адамның талаптары анықталып жатыр. Жағдайды толық анықтаған соң ақпарат беріледі. Ер адамның әрекеті "қоғам тәртібін бұзу" ретінде бағаланып отыр. Жағдайды анықтау үшін ер адамды Есіл аудандық полиция басқармасына алып кетті" деді журналистерге ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз.