Журналист Манас Бистаев "белгілі бір этникалық топ өкілдеріне күш қолдануға үндегені" үшін қамауға алынды. Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бистаев Қылмыстық кодекстің "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру" аталатын 174-бабы бойынша күдікке ілінген.
Бистаевтың видеосы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап, желі қолдаушылардың наразылығын тудырған.
Баспасөз қызметінің хабарынша, 22 ақпанда сот Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы тергеушісінің шағымын қанағаттандырып, бұлтарпау шарасы ретінде Манас Бистаевты екі айға қамауға алған.
Бистаевтың қамауға алынған мерзімі 20 ақпаннан басталады.