26 ақпанда Қазақстан президенті жарлығымен Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
55 жастағы Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында дүниеге келген. 1986 жылы Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдаған.
Шөкеев бұған дейін 2006 жылы сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болған. Кейін премьер-министрінің орынбасары, "Самұрық-Қазына" басқармасының төрағасы болды. 2017 жылдың желтоқсанынан бері премьер-министрдің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарып келді.