28 ақпанда Қазақстан сыртқы істер министрлігі Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты алаңдаушылық білдіретінін мәлімдеді.
Мәлімдемеде екі ел арасындағы ашық және конструктивті саяси-дипломатиялық диалог қазіргі дағдарыстан шығудың жалғыз тиімді және қолайлы жолы екенін жазылған.
Қазақстан екі тарапты "ахуалдың одан әрі ушығуын алдын алу үшін аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің негізгі мүдделеріне негізделген барынша сабырлылық пен халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырады".
Соңғы күндері Пәкістан мен Үндістан арасында Кашмир дауы қайта ушығып, екі ел бір-бірінің әскери ұшақтарын атып құлатқан.