Сәрсенбі, 27 ақпанда Вьетнамда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынның кездесуі өтті. АҚШ жетекшісі келіссөздердің алғашқы кезеңі "өте жақсы өткенін" айтқан. Ал 28 ақпанда Ақ үй екі тарап ешқандай келісімге қол жеткізбегенін хабарлады.
Екі президент Солтүстік Кореяның ядролық қарудан бас тарту мәселесін талқылаған. Бұл - сегіз ай бұрын Сингапурда өткен Трамп пен Кимнің тарихи кездесуінен кейінгі екінші бас қосуы.