28 ақпанда Астанада үш адам Ақорданың алдына шықты. Қолдарына президент Нұрсұлтан Назарбаевтың суретін ұстап шыққан олар жоғарғы сот, үкімет үйі мен парламент ғимараттары орналасқан көше бойымен жүріп өтті. Жиналғандардың бірі Елена Сатыбаева баспанасын кепілге қойып банктен қаржы алған "кейін қайта қаржыландырмақ болған кезде банк пәтерімді жасырын сатып жіберді" дейді. Төрт баланың анасы бүгінгі шараға сегіз айлық баласымен келген. Ирина Маженова да әлеуметік желіде діни жазбаларды көшіріп жариялаған ұлының терроризм айыбымен сотталғанын айтады. Ирина Овчаренконың да ұлы "ұрлық жасады" деп айыпталып сотталғанын екен. Үшеуі де бұл істердің заңсыз болғанын ал оның заңдылығын тексеруі тиіс прокуратура шара қолданбайғанын айтады.
- Біздің үшеуімізде үш бөлек іс. Барлығында да істің мән-жайын анықтауы тиіс прокуратура тек жалтарма жауаппен айналысады. Соның кесірінен жалған айып негізінде балаларымыз түрмеде отыр. Біздің мәселемізді шеше алатын жалғыз Нұрсұлтан Назарбаев, себебі барлық жүйе бізге қарсы жұмыс істеп жатыр, сол үшін осында келіп, назар аудартқымыз келді, - деді наразылардың бірі Елена Сатыбаева.
Үш адамның наразылығы бас-аяғы жарты сағатқа созылды. Оларды жол бойы полиция көлігімен бірнеше полицей бақылады, бірақ ешкімді ұстаған жоқ.