15 наурызда Жаңа Зеландиядағы екі мешітке жасалған шабуылдан 49 адам қаза тауып, 20 адам жараланды. Бұл туралы елдің премьер-министрі Джасинда Арден хабаралды.
Премьер Арден мұны "теракт" деп атады.
Шабуыл қала ортасындағы Әл-Нұр мешіті мен Линвуд қаласының іргесіндегі мешітке жасалған. Әл-Нұрда – 30, Линвудтегі мешітте 10 адам қаза тапқан.
Күдіктінің бірі мешіттегі адамдар намаз оқып жатқанда кіріп келген. "Қолында үлкен тапанша болды. Кірді де адамдарға шетінен ата берді" дейді шабуыл кезінде қашып үлгерген Ахмад әл-Махмуд есімді азамат.
Жаңа Зеландия пермьер-министрінің айтуынша, күдікті ретінде қамауға алынған төрт адам эстремистік көзқараста болған, бірақ полиция есебіне алынбаған.
Австралия премьер-министрі Скотт Моррисон ұсталғандардың бірі австралиялық азамат екенін растады. Шабуылды мойнына алған азамат манифестінде өзін "28 жастағы ақ австралиялық" деп атап, "Жаңа Зеландияға шабуылды ұйымдастыру үшін ғана келгенін" айтқан.
Премьер-министрі Джасинда Ардерн "Мұндай жағдай бұрын-соңды болған емес. Бүгін – ел тарихындағы ең қайғылы күндердің бірі" деп мәлімдеді.