15 наурызда Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар лигасының ширек финалының жеребесі тартылды.
Жарыстың 1/4 финалында мына командалар ойнайды:
- "Аякс" (Голландия) - "Ювентус" (Италия)
- "Ливерпуль" (Англия) - "Порту" (Португалия)
- "Тоттенхэм" (Англия) - "Манчестер Сити" (Англия)
- "Барселона" (Испания) - "Манчестер Юнайтед" (Англия).
Алғашқы ойын 9-10 сәуірде, қарымда матч 16-17 сәуірде өтеді. Жартылай финалда "Тоттенхэм" - "Сити" жұбының жеңімпазы "Ювентус" пен "Аякс" арасындағы матч жеңімпазымен ойнайды. Ал "Барселона" - "МЮ" арасындағы ойында жеңген команда "Ливерпуль" - "Порту" матчының жеңімпазымен кездеседі.
Жартылай финал матчтары 30 сәуір және 7 мамырға жоспарланған. Финал 2 маусымда Мадридте (Испания) өтеді.
2018 жылы Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен испаниялық "Реал Мадрид" 1/8 финалда "Аякс" командасынан жеңіліп, жарыстан шығып қалды.
Чемпиондар лигасы - UEFA (Еуропа футбол қауымдастығы) құрамына енетін елдердің клубтары қатысатын әлемдегі ең ірі футбол жарыстарының бірі. Коммерциялық жарысқа UEFA ұйымына мүше елдердің чемпионатында жеңген және жүлде алған командалар қатысады.