Қазақстан президенті Тоқаев үкімет мүшелерін қабылдады

Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында отыр. Астана, 20 наурыз 2019 жыл.

20 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді, қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты, ішкі істер министрі Ерлан Тұрымбаевты, мемлекеттік хатшы Бақытжан Сағынтаевты, ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады.

Тоқаев Маминмен кездесуде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдаулары мен тапсырмаларында қамтылған әлеуметтік саладағы шараларды жүзеге асыруды, бюджет қаражатын тиімді игеру бағдарламарын орындауды, экономиканы әртараптандыру жұмыстарын жалғастыруды, тасқынға дайындалуды тапсырды.

Ал ішкі істер министрі Тұрғымбаев Тоқаевқа ішкі істер органдарында реформа қалай жүріп жатқанын айтып, есеп берді.

Тоқаев 20 наурызда ант беріп, Қазақстан президенті қызметіне кіріскен. 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардан халыққа үндеу жасап, президенттік өкілетін тоқтататынын мәлімдеген еді. Назарбаев келесі сайлау өткенше Тоқаев Қазақстан президенті болатынын айтқан.